Қазақстанда қара жамылып, сақал өсіруге күзден бастап тыйым салынуы мүмкін
Қазақстанда қара жамылып, сақал өсіруге күзден бастап тыйым салынуы мүмкін
7 жыл бұрын 4931 stan.kz

Қазір мамандар халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, сарапшылардың, зангерлер мен халықтың пікірін алып жатыр, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Бұған дейін елбасы Қазақстанда қара киім киіп, сақал өсіруге тыйым салуды ұсынған еді.

«Азаматтардың киіну еркі өзінде, алайда кей азматтарымыз елдің көзіне түсетіндей бөлекшеленіп кетті. Бұл тек ішкі артрибуттар, ондағы маңызды мәселе олардың құрылуы болып отыр. Олар осылай киіну арқылы қазіргі қоғамды қабылдамайтындарын аңғартады. Халықтың мәдениеті мен дәстүрін сақтамайды», – дейді Дін істері мен азматтық қоғам министрлігінің орынбасары Берік Арын.

Радикалдармен арнайы топтар күресіп жатыр. Топтың жалпы саны – 300, оның 9-ы Алматы қаласында. Оларды құрамына теологтар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері кіреді.

«Мен өз басым орыс тілінде тексеріп жатырмын. Өйткені, Заря Восток мешітіне көп ұлттың өкілдері келеді. Ол жақта қазақтар тұрмайды. Сондықтан қазақ тілін түсінбейді», – дейді мешіт имамы Қазыбек Ахметов.

0 пікір
Мұрағат