Қазақстанда педофилдер туралы электронды мәлімет базасы іске қосылды (видео)
Қазақстанда педофилдер туралы электронды мәлімет базасы іске қосылды (видео)
8 жыл бұрын 3496 24.kz today.kz

Электрондық карта туралы мәліметті ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.  Соңғы жылдары сексуалдық зорлық-зомбылық мәселесі күрт ушығып кетті. Әсіресе, осындай зорлық-зомбылықтың балаларға қатысты орын алу деректері қорқыныш туғызады. Бұлардың себептері мен шарттары адамгершілік және құқықтық сипаттағы проблемалармен қатар туындайды. Осыған байланысты, мемлекет қылмыстың осы түрін төмендетуге бағытталған шараларды қабылдады. Шетелдік тәжірибе де пайдаланылуда. Олардың ішінде мысалы, педофилдер үшін шектеу шаралары, сонымен қатар медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының қосымша түрі ретінде химиялық кастрацияны қолдану енгізілді. Құқық қорғау органдарының назарына іліккен педофилдердің орналасқан жерін бақылау жаңа қылмыс жағдайларының алдын алуға мүмкіндік береді. Ол үшін ағымдағы жылдың басынан бері кәмелетке толмағандарға құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдарды есепке алу және олар туралы мәліметтерді жариялау енгізілді. Бұл мәліметтер комитеттің http://infopublic.pravstat.kz порталында қылмыскерлер туралы деректер көрсетілетін электрондық карта түріндегі «геоақпараттық жүйелер» бөлімінде қолжетімді. Осы ақпарат өзіңізді және балаларыңызды ықтимал қауіптен қорғауға көмектеседі. Осыған ұқсас карталар бірқатар шетелде де бар.

 

0 пікір
Мұрағат