Қазақстанда жұмыстан шыққандар саны көп
Қазақстанда жұмыстан шыққандар саны көп
6 жыл бұрын 2520 Маржан Нүсіпбек

2017 жылғы төртінші тоқсанында ірi және орта кәсiпорындар және ұйымдардан түрлі себептермен 200,0 мың адам жұмыстан кетті. Ал қабылданғандар саны - 189,5 мың адам. Бұл туралы  “The Qazaq Times” ақпарат көзі статистика комитетіне сілтеме жасай отырып хабарлады. Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында тұрақтамау себептері бойынша жұмыстан босатылғандардың үлесі - 77,4%. 6,8%-ы қызметкерлер санының қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты жұмыстан босатылған. Басқа себептер бойынша қызметтен кеткендер 15,8%-ды құрайды. 2017 жылғы төртінші тоқсанның соңына ірі және орта кәсіпорындармен ұйымдарда 27,3 мың бос орын мәлімдеген. Жұмыстан шығарылған қызметкерлер саны көп өңірлер: Астана, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облысы. 

0 пікір
Мұрағат