Қазақстанда фрилансерлер саны артып отыр
Қазақстанда фрилансерлер саны артып отыр
7 жыл бұрын 3097 Energyprom.kz

2015 жылдан бастап Қазақстанда уақытша жұмысқа тұрғандар саны артып отыр. Бір жыл ішінде мұндай жұмысшылар саны 9 мыңға немесе 4 пайызға, ал 2016 жылы 215 мыңға жеткен. Осының нәтижесінде жалдамалы жұмысшылар қатарында фрилансерлер саны 3,3 пайыздан 3,4 пайызға жеткен. 2015 жылы қала тұрғындары арасында фриланстан фул-таймға өткендер саны көп еді, алайда, 2016 жылы көпшілік қайтадан уақытша жұмысқа ауысты. Ал ауылдық жерлердің тұрғындары керісінше, уақытша жұмыстан гөрі тұрақты жұмысты қалайды. Еске салайық, 2017 жылдан бастап Қазақстанда Өнімді еңбекпен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы іске асырылады. Мемлекеттік бағдарлама арқылы қазақстандықтар бизнес ашуға 16 миллионға дейін кредит ала алады. Еліміздің әрбір өңірінде жаппай, соның ішінде отбасылық бизнесті дамытуға арналған шаралар кешені ұсынылады.

0 пікір
Мұрағат