Қазақстанда ең жоғары жалақыны қай мамандық иелері алады?
Қазақстанда ең жоғары жалақыны қай мамандық иелері алады?
7 жыл бұрын 2938 stan.kz

Ғылыми жұмысшылар мен құрастырушылардың, сарапшылардың орташа жалақысы 326,7 мың теңгені құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда бұл бірден үштен бірге көп, деп жазады energyprom.kz.

Мұғалімдердің ең төменгі орташа жалақысы 87,5 мың теңге.

Үшінші тоқсандық көрсеткіш бойынша ең жоғарғы орташа жалақыны ғылыми-зерттеу ісімен айналысатындар, сарапшылар, консалтингтер алатыны анықталды.

Екінші орында тау кен өндірісі мен карьер қазушылар тұр. (313,2 мың теңге +16,2% жылына).

Жоғарғы орташа жалақыны ғылыми зерттеушілер, ең төменгі орташа жалақыны білім беру саласындағылар алатын болып тұр.

Жалдамалы жұмысшылар арасында білім беру саласы соңғы орында тұр. (995,6 мың адам ҚР бойынша еңбек етушілердің 10,9 пайызын құрайды). Мұғалімдердің саны 0,7 пайызға төмендеген.

Екінші орында көтермелі сауда мен ритейл саласындағылар тұр. 696,4 мың қазақстандықтың 8,3% жалдамалы жұмысшылар. (+7,1% жылына).

Үшінші орында қайта өңдеу секторы. (527,2 мың адам +8,7% жылына).

Ең көп маман риэлторлық қызметке көп жұмылдырылған. (+29,8% жылына, 102,5 мың адамға дейін), ғылыми-кәсіби салада (+19%, 229,4 адамға дейін), әкімшілі және қызмет көрсету қызметкерлері (+14,7%, 251,6 мың адамға дейін)

0 пікір
Мұрағат