Қазақстанда дәрі-дәрмек арзандайды
Қазақстанда дәрі-дәрмек арзандайды
7 жыл бұрын 3016

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасын реттеу жөніндегі заң жобасы таяу арада үкіметке ұсынылады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитетінің маманы Арнұр Нұртаев. Жұма күні конференцияда сөз сөйлеген ол, мемлекет алдында тұрған мәселелердің бірі, дәрі-дәрмектердің бағасы екенін айтып өтті.

Бұл туралы stan.kz порталы Sputnik Қазақстан ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. 

Нұртаев, Қазақстанда жекеменшік дәріханалардың саны өте көп екенін атап өтті.

“Бүгінгі таңда елімізде 10 мың дәріхана, сегіз мың атаулы дәрі-дәрмек түрлері тіркелген. Яғни, іс жүзінде дәрі-дәрмек қажеттілігі біршама шешілген”, — деді Нұртаев.

Осындай жағдайда дәрі-дәрмектің өндірушілері өздері қалаған бағаны орнатады. Осының арқасында өндіруші маркетингке жұмсалатын бюджет көлемін де арттыра алады.

Маман өз сөзін “Мысалы, дәріханалар өздерінің кіріс көлемін еш бақылаусыз, еш шектеусіз орнату құқығына ие. Әлдекімдердің айтуынша, бұл нарықтық қатынас, экономика заңдылығы болуы да мүмкін. Біз онымен толығымен келісеміз. Дегенмен, кейбір дәріханалар нарықтық қатынастарға қарамастан, кей жағдайда 200, және 300% көлемдегі үстеме баға қосады”, — деп жалғастырды.

Оның берген мәліметтеріне сәйкес, Қазақстандағы дәрі-дәрмектің бағасы басқа мемлекеттерден, мысалы, Шығыс Еуропа және ЕАЭО елдерімен салыстырғанда әлдеқайда қымбат.

“Көпшілік, Қазақстан Еуропадан алшақ орналасқан, логистикалық байланыс қымбат, дейді. Алайда, Еуропадан орналасу қашықтығы Қазақстанмен сәйкес келетін мемлекеттерде баға көлемі арзан болып келеді”, — деді Нұртаев.

Осыған байланысты фармация комитеті республикадағы дәрі-дәрмек бағасын реттеу бойынша өзіндік жоба дайындады.

“Бүгінгі таңда заң жобасы мемлекеттік органдардың қарастырылуында және таяу арада премьер-министрдің, ҚР үкіметінің кеңсесіне ұсынылады”, — деп хабарлады комитет өкілі.

Елiмiзде жалған дәрі-дәрмекті анықтайтын жүйе енгiзiлмек  

Бүгінгi таңда әлемде жалған дәрі-дәрмек сататындар көбейген. Қазақстанда да бұл проблема өзектi болып отыр. Сол себептен Денсаулық сақтау министрлігі жалған препараттарға қарсы арнайы жүйе енгізбек. Бұл жайында елордада өтiп жатқан дәрі-дәрмектерді ұтымды пайдалану мәселелеріне арналған xалықаралық конференцияда айтылды, деп xабарлайды Baq.kz тiлшiсi. 

«Бізге келетін дәрі-дәрмектің қаптамасында акциздік маркалар жүйесі тәрізді арнайы код болуы шарт. Ол әдетте алкоголь мен темекі өнімдерінде қолданылады. Осылайша, дәрінің әр қаптамасы есепке алынады. Яғни, құзіретті мемлекеттік орган да, фармация комитеті де қолдан жасалған дәрі-дәрмектерді анықтай алады. Бұның барлығы бақылауға алынады», - деді фармация комитетінің өкілі Арнұр Нұртаев.

Сондай-ақ, оның айтуынша, дәрі-дәрмек шығарушы компанияларды тексеру шаралары күшейтілмек. Бұрын ондай кәсіпорындар бір рет қана инспекциядан өтсе, алдағы уақытта үш жылда бір рет тексерілетін болады. Осының арқасында медициналық препараттардың сапасын жақсарту жоспарланып отыр.

0 пікір
Мұрағат