Қазақстанда бірқатар тіркелмеген биологиялық активті қоспалар анықталды
|
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі - Комитет) бұқаралық ақпарат құралдарын және интернет-ресурстарды мониторингілеу қорытындысы бойынша бірқатар тіркелмеген биологиялық активті қоспаларды (БАҚ) анықтады. Бұл туралы kzpp.gov.kz сайтында хабарланды. Тіркелмеген БАҚ-тар:
1) «Мадерия с Лицетином» бальзамы;
2) Алкостопин Форте;
3) «Мужская сила» майы;
4) «Дианормин Ультра» тұнбасы;
5) глаукома және катаракта кезінде тамызатын «ITONE/Айтон»;
6) «Кардицепс» капсуласы;
7) «СаганДали»;
8) «АртроСила».
Жоғарыда аталған БАҚ-тар Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында анықталды және «Арна тв» газетінде, «Караван» газетінің 2016 жылғы 21 қазандағы №41 (475), «Шахтинский вестник» газетінің 2016 жылы 14 қазандағы басылымында жарияланған. Комитет аталған БАҚ-тарды сатып алмауды сұрайды, өйткені, олар адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.