Қазақстанда банкрот болған кәсіпорынды атауымен қоса сатып алуға болады
Қазақстанда банкрот болған кәсіпорынды атауымен қоса сатып алуға болады
8 жыл бұрын 2732 7kun.kz Фото: primeminister.kz

Банкроттық туралы заңға енгізілген түзетулерге сәйкес банкрот кәсіпорынды толық меншіктік кешен атауы және тауарлық белгісімен сатып алуға болады, сонымен қатар, оның жаңа меншік иесі атануға болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында Салықтық бақылау департаментінің директоры Ерлан Нұрланбаев мәлімдеді.

«Заңға сәйкес, банкрот кәсіпорынды толық меншіктік кешен атауымен және тауарлық белгісімен сатып алуға болады және оның жаңа меншік иесі атануға болады. Барлық несие берушілермен есептескеннен кейін, кәсіпорынның банкроттық мәртебесі алынып тасталынады», — деп мәлімдеді Е.Нұрланбаев.

Оның айтуынша, заңның іске асырылуы қарызы барлардың бизнесін сақтап қалуға  мүмкіндік береді.

«Бұл жұмыс орындарының, салық салынатын базаның сақталуы. Сондай-ақ, заң оңалту және банкроттық рәсімдерін өткізу мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді», — деді Е.Нұрланбаев.

Оның мәлімдеуінше, Дағдарысқа қарсы жоспарды орындау мақсатында оңалту мен банкроттықтың, сонымен қоса, төлеуге қабілетсіздікті реттеудің жаңа тетіктерін жүзеге асыру бойынша әрекеттердің жоспары бекітілген.

«Қаржы министрінің бұйрығы негізінде ведомствоаралық көшпелі жұмыс тобы құрылды. Ағымдағы жылдың наурыз бен мамыр аралығында бизнес, екінші деңгейлі банк, қоғамдық ұйымдар, БАҚ және мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен заңның артықшылықтары мен тетіктері туралы семинарлар өткізілді. Түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», — деді ол.

0 пікір
Мұрағат