Қазақстан тәулігіне қанша баррель мұнай өндіреді
Қазақстан тәулігіне қанша баррель мұнай өндіреді
6 жыл бұрын 4516 7kun.kz golosislama.com

2017 жылдың 30 қарашасында Австрия астанасы Венада Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) және мұнай картеліне мүше емес елдердің үшінші министрлер кездесуіне қатысты.
Аталған кездесу барысында 2016 жылы желтоқсан айында 2017 жылдың бірінші жартыжылдығына қабылданған Мұнай өндіру көлемін қысқарту бойынша келісімді бұдан әрі ұзарту ықтималдылығын талқылау жоспарланып отыр. Қазақстан мұнай өндіру көлемі тәулігіне 20 мың баррель құрайды деп келісімге қосылды. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

2017 жылдың мамырында өткен екінші министрлер кездесуінде Келісімнің мерзімі 2018 жылдың 31 наурызына дейін ұзартылған болатын.

2017 жылдың басынан бері бері Қазақстанда 7,3 триллион теңгенің мұнайы өндірілді.

0 пікір
Мұрағат