Қазақстан мен Сауд Арабиясы тікелей әуе қатынасын ашуға келісті
|
Екі ел арасындағы рейстер 2024 жылдың көктемінен бастап орындалады
Қазақстан мен Сауд Арабиясы Алматы – Эр-Рияд бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашу туралы уағдаласты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Тиісті шешімге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Қазақстан-Саудия Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысына қатысу үшін Сауд Арабиясына сапары шеңберінде қол жеткізілді», - делінген хабарламада.
Елдер арасындағы рейстерді Сауд Арабиясының «FlyNas» әуекомпаниясы 2024 жылдың көктем-жаз маусымынан бастап аптасына 7 рейс жиілігімен орындайтын болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Араб шөлі көлге айналды (видео)
■
От шашып, жалын бүркетін робопс пайда болды (видео)
■
Ым-ишара тілін дауысқа айналдыратын (аударатын) смарт көзілдірік жасалды (видео)
■
Сауытты бұзатын ұшқышсыз ұшу аппаратының мүмкіндіктері жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Шоколадтың жаһандық қорына қауіп төнді