Қазақстан жылқы ауруынан таза ел мәртебесін алды
Қазақстан жылқы ауруынан таза ел мәртебесін алды
8 жыл бұрын 2826

Қазақстан Халықаралық эпизоотиялық бюро Бас ассамблеясының 84-отырысында жылқы ауруынан таза ел ресми мәртебесін иеленді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz. 

«Парижде 22-27 мамыр аралығында өтіп жатқан Халықаралық эпизоотиялық бюро Бас ассамблеясының 84-отырысында Қазақстан жылқы ауруынан таза ел ресми мәртебесін алды», - деп жазылған ҚР АШМ хабарламасында.

Аталған мәртебе елімізге ат спортын дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Халықаралық эпизоотиялық бюро Қазақстанның аусылмен күрес жөніндегі ұлттық бағдарламасын бекітті.

0 пікір
Мұрағат