Қазақстан халқының саны бір жылда 257 мың адамға артқан (видео)
Қазақстан халқының саны бір жылда 257 мың адамға артқан (видео)
8 жыл бұрын 2832 khabar.kz

Өсім бар. Қазақстан халқының саны бір жылда 257 мың адамға артқан. Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті ұсынған мәліметтерге сай 2016-шы жылдың 1-ші сәуіріндегі жағдай бойынша қазір ел халқының саны 17 миллион 733 мың адамды құрайды. Олардың 10 миллионнан астамы қала тұрғындары, 7 миллион 6 мыңдай адам ауылдарда тұрады.  Бала туу деңгейінде де оң динамика тіркелген.  2016-шы жылдың қаңтар-наурызындағы жағдай бойынша 99 мың сәби дүниеге келіп, былтырғы жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 7 пайызға артқан.  Сәйкесінше Қазақстанның әр 1000 тұрғынына келетін жаңа туған сәби саны 21-ден 22-ге дейін көбейген.

0 пікір
Мұрағат