Қазақстан аумағында қанша су қоймасы бар?
Қазақстан аумағында қанша су қоймасы бар?
8 жыл бұрын 10692

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің брифингінде Су ресурстары комитеті өкілдері еліміздегі су қоймаларының жағдайымен таныстырды, деп хабарлайды BNews.kz. 

Бүгінгі таңда ел аумағында 309 су қоймасы бар, оның ішінде, 83 республикалық меншікте, 191 коммуналдық, 35 жеке меншікте.

«Қазсушар» РМК теңгерімінде 78 су қоймасы бар. Ал, қалған 5-еуі сенімгерлік басқаруда.

Су ресурстары комитетінің бассейндік инспекциясы ірі су қоймаларының жұмыс режимінің күн сайынғы мониторингін жүргізіп отыр.

Пайдаланушы ұйымдармен бірлесіп, әр су қоймасы үшін пайдалану қағидаларына сәйкес су қоймалары жұмыс режимінің кестесі әзірленіп жатыр және бассейндік инспекциялармен келісіледі. Су қоймаларын реттеу үрдісі жұмыс режимі кестесінің негізінде жүзеге асырылады.

Су қоймаларын, ондағы су құбыры және су өткізу немесе су алу құрылыстарын пайдаланушы ұйымдар су қоймасы әсер ететін аймақтарда тұратын су пайдаланушылар мен жер пайдаланушылар мүддесі есебімен белгіленген су қоймаларды толтыру және су бұру режимін сақтауға міндетті.

Ел азаматтары мен экономика салалары үшін су қоймаларын қайта жаңарту жөніндегі іс-шаралардың стратегиялық маңыздылығын ескеріп, жыл сайын су қоймаларын қайта жаңарту және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге республикалық және жергілікті бюджеттен қажетті қаражат бөлуді қарастыру қажет. Ол жалпы республиканың су нысандарының техникалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

ҚР АШМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Жалпылай алғанда, бүгінгі күні барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істейді және меншік иелерімен қажетті іс-шаралар өтіп жатыр.

0 пікір
Мұрағат