Қазақ жерінде қолданылған қарудың «2 минуттық» шығу тарихы (ФОТО, ВИДЕО)
Қазақ жерінде қолданылған қарудың «2 минуттық» шығу тарихы (ФОТО, ВИДЕО)
8 жыл бұрын 8118 BNews.kz ФОТО: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен алынды

Қарудың шығу тарихын паш ететін әлемдік тренд ҚР Қорғаныс министрлігінде қолдау тапты. 2-5 маусым аралығында Астанада өтетін IV халықаралық «KADEX» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі қарсаңында «120 секунд ішіндегі қарудың шығу тарихы» атты ролик әзірленді. Көрермендердің назарына Түрік қағанаты кезінен бастап қазіргі күнге дейінгі Қазақстан аумағында пайдаланылған қару түрлері ұсынылды.

Роликте садақ, Түрік қағанаты мен Қазақ хандығының жебелері, білте мылтығы, соққы-шақпақтас құлпы бар мылтық, капсюльді тетігі бар мылтық, ХХ ғасырдың басы мен бірінші жартысындағы қару, Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қару, әйгілі Калашников автоматы мен оның модификациялары, ХХ ғасырдың өзге де қаруы көрсетілген, деп мәлімдеді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақыттағы қару ретінде роликте Қазақстан Қарулы Күштері арнайы бөлімшелерінің жарақтандыруында тұрған заманауи винтовка көрсетілген.

Осылайша, 2 минут ішінде көрермен назарына Қазақстан тарихының әртүрлі кезеңдерінде, яғни, Қазақ хандығы құрылғанға дейінгі кезең, Қазақ хандығы, КСРО, тәуелсіз Қазақстанда қолданылған қарудың түрлері ұсынылады.

Бүгінде ҚР Қарулы Күштерінде қолданылып жүрген қару-жарақты 2-5 маусым аралығында Астанадағы ҚР ҚК авиациялық базасында өтетін IV халықаралық «KADEX» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінен тамашалай аласыздар. 

 
 

 

0 пікір
Мұрағат