Қазақ балуаны Айбек Нұғымаров туған аулына спорт кешенін салып берді (фото)
Қазақ балуаны Айбек Нұғымаров туған аулына спорт кешенін салып берді (фото)
6 жыл бұрын 3494

Қазақ күресінен әлемнің екі дүркін чемпионы Айбек Нұғымаров Шығыс Қазақстан облысындағы туған аулына спорт кешенін сыйлады.

Бұл туралы 24.kz арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Қазақ балуаны жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен туған аулында спорт кешенін салып берді. Сонымен қатар Құндызды аулының орталығына қазақ батыры әрі қолбасшысы Ақтамберді жыраудың ескерткішін орнатты.

«Мен бұл нысандарды тұрғызу туралы көптен бері ойлап жүргенмін. Ауыл меценаттарының қолдауымен спорт кешенін тұрғызып, ескерткіш орнату мүмкін болды. Мен осы жерде туып-өстім. Қай жерде жүрсем де, өзімнің кіші отаным туралы мақтанышпен айтып жүремін», – дейді Айбек Нұғымаров.

Бүгінде секцияға 30-ға жуық жас балуан жазылып үлгерген

Ðйбек ÐÒ±ÒÑмаÑов ÑÑÒан аÑлÑна ÑпоÑÑ ÐºÐµÑенÑн ÑалÑп беÑдÑ

0 пікір
Мұрағат