Қарағанды облысында мектеп директорлары бұдан былай тек емтихан арқылы, ал Шымкентте конкурспен тағайындалады
Қарағанды облысында мектеп директорлары бұдан былай тек емтихан арқылы, ал Шымкентте конкурспен тағайындалады
8 жыл бұрын 2956 nv.kz, otyrar.kz Фото: newskaz.ru

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков ұстаздардың дәстүрлі тамыз конференциясында ерекше тапсырма берді. “Жаңа оқу жылынан бастап орта білім беретін мектеп директорлары онлайн-платформа арқылы халықаралық университеттердің сертификаттарын иеленуі тиіс”, – деді облыс әкімі. Үміткерлерден АҚШ-тың үздік университеттерінің сертификаттары да талап етілетін болды. Сонымен қатар, мектеп директорлығына кандидаттар білім мекемесін қалай дамытатыны туралы бағдарламасын арнайы комиссияның алдында қорғап шығуы тиіс. Облыс әкімі мұндай талап жемқорлықты төмендету үшін жасалып отырғанын ескертті. Сондай-ақ, директор болғысы келетін үміткер нормативтік құқықтық актілерге негізделген тесттен өтуі қажет.

Шымкенте ашық конкурс арқылы мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілерін тағайындай үрдісі жалғасуда. 

Өткен жылы тап осындай тәсілмен 5 мектеп, 3 балабақшаның басшыларын қала әкімінің өзі іріктеген болатын. 

Биыл қолданысқа берілген 600 орынды су жаңа мектептің директоры атануға үш азамат үміткер болды. №104 мектеп Сайрам ауданынан қалаға қосылған Қарабастау елді мекенінде орналасқан. Арнайы құрылған комисия үш талапкердің біліктілігін анықтау мақсатында жан-жақты сауал қойды. 

Басшы болғысы келгендердің бірі - осы ауылдағы ескі мектептің директоры. Ал қалған екеуі орынбасарлары болған. Нәтижесінде комисия мектепті басқаруды Баян Есімоваға сеніп тапсырды. Баян Зарифханова бұған дейін осы білім ошағы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келген. Яғни, саланы жетік меңгерген, тәжірибесі мол, дейді комиссия мүшелері. 

Ал қайта құрудан өткен №63 балабақша меңгерушісі лауазымына төрт үміткер бақ сынасты. Оларға да қойылған талап қатаң болды. Ең алдымен, ұжымды игеру әдісін көрсетіп, комисия мүшелеріне дәлелдеу қажет еді. Бұл жолы Жамиля Әбдіханованың жолы болып, бөбекжай меңгерушісі болып тағайындалды.

0 пікір
Мұрағат