Павлодарда екі оқушы мұзға қатып қалған мысықты құтқарып қалды (фото+видео)
Павлодарда екі оқушы мұзға қатып қалған мысықты құтқарып қалды (фото+видео)
8 жыл бұрын 5074

Павлодарда екі жеткіншек үсіп қалған мысықты құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі. Вячеслав Козлов пен Ярослав Зуев өлім аузында жатқан мысықты мектептен қайтып келе жатқан жолда көрген.

Қоқыс контейнерінің маңына төгілген ыстық күлге жылынып алмақшы болған мысық ұйықтап кетіпті. Оның құйрығы мен аяқтары мұзға қатып қалған екен.

Оқушылар мысықты жылындыру үшін өздерінің спорт киімдеріне ораған. Кейін олар "Павлодар жүрегі" қоғамдық қорына қоңырау шалады. Оларға қор қызметкері Мария Гребенкина көмекке келген. Ол балаларға мысықтың аяқтарын жараламастан мұзды алуға жәрдем берді.


Фото vk.com желісіндегі Вячеслав Козловтың парақшасынан алынды.


"Біз мысықты екі сағат жылындырдық. Бұл уақыт аралығында оған үш рет дәрі егілді, дегенмен ол қозғалмады. Мысықтың аяқтары жылы болғанмен, тоңып жатты. Сосын біз оны тағы бір жарым сағат жылыттық", - деді Вячеслав Козлов.

Мысыққа Эльза деген ат қойылды. Құтқарушылардың бірі Вячеслав Козлов оны үйіне әкетті.

 

0 пікір
Мұрағат