Өткен жылы Қазақстанда қанша компания жабылды немесе жұмысын тоқтатты?
Өткен жылы Қазақстанда қанша компания жабылды немесе жұмысын тоқтатты?
7 жыл бұрын 2448 7kun.kz Мөлдір Иманмәди

2016 жылы Қазақстанда 6 мыңға жуық кәсіпорын жұмысын тоқтатты. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 3,5 есе аз.

Ең көп жабылған компаниялар көтерме және бөлшек сауда саласында тіркелді. Бұл секторда 1,9 мың компания таратылды. Одан бөлек, 744 құрылыс мекемелері, 404 ғылыми ұйымдар және 341 өңдеу өнеркәсіптері жұмысын тоқтатты.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығында 287 заңды тұлға, жылжымайтын мүлік саласында — 275, ал қаржы және сақтандыру саласында – 226 мекеме жабылды. Ал  тау-кен өндірісінде 43 компания таратылды.

0 пікір
Мұрағат