Министр балаларды зиянды ақпараттардан қорғайтын заң жобасын ұсынды
Министр балаларды зиянды ақпараттардан қорғайтын заң жобасын ұсынды
8 жыл бұрын 2405 BNews.kz

Ақпарат және коммуникация министрлігі кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер мен балалардың адамгершілік және рухани дамуына кері ықпал ететін баланың денсаулығына зиянын тигізетін теріс ақпараттардан, насихат пен үгіт-насихаттан, әлеуметтік ортаның әсерінен  қорғауға мемлекеттік кепілдік беретін заң жобасын ұсынды. Мұны министр Дәурен Абаев фейсбуктегі жеке парақшасында жариялады. 

Қымбатты достар!

"Әсіресе, журналистердің, байланыс және ақпарат қызметкерлерінің, азаматтық сектор өкілдерінің назарына!

Бүгін біздің министрлік «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталына «Ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасына қатысты Тұжырымдаманы орналастырды.

Бұл құжат бізге қарасты салада елеулі өзгерістер жасауға бағытталған және кәсіби топтардың кең ауқымы мен жалпы жұртшылықтың мүдделерін қамтиды.

Мен мұндай нормалар азаматтық талқылау арқылы ғана қабылдануы тиістігіне нық сенімдімін.

Тұжырымдама жарияланған бөлімде өз ескертулеріңізді, ұсыныстарыңыз бен талап-тілектеріңізді қалдыруға болатын арнайы функция бар. Оның барлығын министрлік жанындағы заң шығармашылық жөніндегі жұмыс тобы қарастыратын болады", деп жазыпты министр.

0 пікір
Мұрағат