Маңғыстау облысындағы қатаң режімдегі түрмеде колледж ашылды
Маңғыстау облысындағы қатаң режімдегі түрмеде колледж ашылды
8 жыл бұрын 2428 24.kz

Маңғыстау облысындағы 172/6 қатаң режімдегі түрмесінде арнаулы орта оқу орны ашылды. Мұнда 200 жазасын өтеуші білім алуда. Оның 80-і кешкілік мектепте оқиды. Қалғаны колониядағы колледжде екі жыл білімін шыңдамақ.

Мұнда темір жонушы ағаш шебері және кран машинистері даярланады. Келешекте мамандық санын көбейту жоспарлануда. Жазасын өтеушілердің түрмедегі өндіріс алаңдарында тәжірибеден өтуіне жағдай жасалған.

Асылбек Анарбаев, ГМ 172/6 түзету мекемесінің басшысы:

- Мектепте бүгінде таңда 6-12 классқа дейінгі алты сынып бар, теориялық сабақтардан өтеді. Бұған қосымша өндірістік аймақта практикалық жұмыстардан өтеді. Кәсіпкер ретінде жұмыс істеп жатқандары өз жалақыларын алып отыр.

0 пікір
Мұрағат