Жауаптылар ел азаматтарын зейнетақы салымдары үшін алаңдамауға шақырды
Жауаптылар ел азаматтарын зейнетақы салымдары үшін алаңдамауға шақырды
8 жыл бұрын 2790 nur.kz

Азаматтардың зейнетақы жинағы құнсызданбайды. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының төрағасы Руслан Ерденаев Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Сондықтан басқарма төрағасы салымшылардың алаңдауына еш негіз жоқ деді. Бұл туралы Астана арнасы хабарлады.

Зейнетақы жинақтары елдің ішкі нарығында пайдаланылады. Ал жинақталған сомманы инфляция өлшейді."Әрбір адам ай сайын зейнетақы қорына 10 пайыздық салым аударады. Адам зейнетке шыққасын, оның жинаған соммасы инфляция деңгейінде көтеріледі. Көп жағдайда салымшылар арасында бөлінетін жылдық инвестициялық табыс деңгейі инфляциядан жоғары болады. Сондықтан зейнетақы жинағы құнсызданбайды", - деп уәдесін берді "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ басқарма төрағасы.Сондай-ақ жиында Руслан Ерденаев Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ұжымы алдағы уақытта кеңселерін азайтып, ұсынылатын қызмет түрін шетелдегідей онлайн режимінде жүргізілетінін айтты.Бүгінде қазақстандықтардың зейнетақылық салымы 6 трлн теңгені құрады. Өткен жылғы көрсеткіш бойынша, міндетті зейнетақылық салымнан түскен қаржы көлемі 657 милиард теңгеге жетті. Ал биыл экономиканы сауықтыруға қордан жұмсалатын 1 трлн 450 миллиард теңгені бөлудің жолдарын Үкімет мен Ұлттық банк қарап жатқан көрінеді."Бұл қадам, ең бастысы, біздің зейнетақы жиынтығын әртараптандыруға мүмкіндік береді. Яғни болашақтағы тұрақты инвестициялық кірісті қамтамасыз етеді. 600 миллиард теңге елдегі екінші деңгейлі банктер мен «Самұрық», «Бәйтерек» және «КазАгро» сынды ұлттық компаниялар мен жекеменшік компаниялардың бағалы қағаздарын сатып алуға бағытталады", - деді Ерденаев.

0 пікір
Мұрағат