Жайық өзені үстінен жүзбелі балық дүкенін ашты (видео)
Жайық өзені үстінен жүзбелі балық дүкенін ашты (видео)
8 жыл бұрын 5252 khabar.kz А.Кенже, Т.Сұлтанғазиев, А.Мәтенов

Бұл сауда орындары, әсіресе, халық тығыз қоныстанған Орталық мөлтек аудан тұрғындары үшін ыңғайлы болып тұр. Жаңа ауланған балық пышақ үстінен үлестіріліп, қас-қағым сәтте сатылып жатыр. Арыстанбек Кенже, тілші:  - Сазан, жайын, көксерке мен ақмарқа шортан мен қарагөз. Бұл балықтар осыдан санаулы сағаттар бұрын Жайықты алаңсыз өрістеп жүрген еді. Енді міне жағадан тікелей тағам түрінде тұтынушыға жол тартып барады. Жүзбелі дүкен тұрғындар тығыз қоныстанған Орталық мөлтек аудан тұрғындары үшін өте ыңғайлы сауда орнына айналуда. Жайықтан жаңа ғана ауланған балыққа сұраныстың жоғарылығы соншалық, пышақ үстінен бөліске түсуде. Оңай Дүзелбаева, тұтынушы   -Бүгін сазан алдым, екі қарагөз алдым. Бағасы көңілімнен шығады, бәрі де жақсы. Бизнестің ыңғайын тапқан балықшы кооперативтер халыққа балық өнімінің 80-ге тарта түрін ұсынып отыр. Мұнда тірі балықтан бастап кептірілген, ысталған, қатырылған балық өнімдері де шығарылған.  Айгүл Әмірғалиева, балықшы кооператив өкілі:  - Халыққа ыңғайлы болуы үшін біз балық өнімдерінің тазаланған, кесілген, әрқайсысы бөлек оралған 1 келілік сазан, жайын кеспелерін де ұсынып отырмыз. Тағы да сол халықтың ыңғайы үшін котлеттердің мұздатылған түрін және қуырылған түрін де шығырып жатырмыз.   Келешекте мұндай жүзбелі балық дүкендері қаланың өзге мөлтек аударынан да ашылатын болады. Себебі, арзан да сапалы өнімге сұраныс артып отыр.  Ал сұраныс бар жерде сауданың шарықтайтыны анық.

 

0 пікір
Мұрағат