Жаһан: Йеменде 7,8 млн адам аштықтан зардап шегіп отыр (видео)
Жаһан: Йеменде 7,8 млн адам аштықтан зардап шегіп отыр (видео)
8 жыл бұрын 2553 24.kz

Йемен халқы гуманитарлық дағдарыс зардабын тартуда. 8 млн-ға жуық тұрғын бір тілім нанға зар болып отыр. 10 млн-дан астамы дәрігерлік көмекке мұқтаж. Тағы 7,5 млн йемендіктің таза ауызсу ішуге мүмкіндігі жоқ. Бұл туралы Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының өкілі Джон Гинг мәлімдеді. Ол жақында Йемендегі жағдайды өз көзімен көріп қайтқан еді. Естеріңізге сала кетейік, Йемендегі гуманитарлық дағдарысқа 2014 жылы үкімет әскері мен шиіттік бүлікшілер – хуситтер арасында басталған қақтығыс себеп болған. Соғыс қимылдарынан 6,5 мың адам қаза тауып, 30 мыңнан астамы жарақат алған. Құрбандардың 930-ы – балалар. Джон Гинг, БҰҰ гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының бөлім басшысы: - Йеменде жағдай өте қауіпті. Гуманитарлық дағдарысты реттеу үшін 1 млрд 800 млн доллар қажет. Біріккен Ұлттар Ұйымы әлем елдерінен қаржылай көмек беруді сұраған еді. Бірақ, соңғы 5 айдың ішінде қажетті соманың 16%-ы ғана қолымызға тиді.

0 пікір
Мұрағат