Елімізде сәбилерге жиi қойылатын есiмдер белгілі болды
Елімізде сәбилерге жиi қойылатын есiмдер белгілі болды
7 жыл бұрын 3138 Baq.kz

Қазақстандық сәбилерге жиi қойылатын есiмдер аталды. Есiмдер топтамасының өткен жылдардан көп айырмашылығы жоқ. 2017 жылғы сәуiрде қыздар арасында Айзере, ал ұлдар арасында Әлихан есiмi жиi қойылған екен. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика бiрiншi вице-министрi Руслан Дәленов Үкiметте өткен баспасөз мәслихатында айтты. 

«2016 жылы 400 мың сәби дүниеге келдi, оның 270 мыңы - ұл, 193 мыңы - қыз. 2017 жылғы сәуiрде 29 мың нәресте туды, оның 15 мыңы - ұл, 14 мыңы - қыз. Сәуiр айында қыздар арасында Айзере - ең танымал есiмге айналды. Айзере есiмi 437 қызға берiлген. Екiншi орында - Айару, 398 қызға осы есiм қойылған. Сондай-ақ, Раяна деген ат танымал болып бара жатыр. 319 қызға осы есiм бұйырған. Ал ұлдар арасында Әлихан есiмi кең тараған (279 сәби), одан кейiнгi орында - Айсұлтан (260 бала) және үшiншi орында Нұрислам (217 ұл)», - дедi Руслан Дәленов.

Вице-министрдiң айтуынша, көптеген ата-аналар өскенде балаларды бiр-бiрiмен шатастырмас үшiн кең тараған есiмдердi қойығысы келмейдi. Сондықтан көпшiлiгi бұл мәлiметтi анықтама ретiнде пайдаланады.

Сондай-ақ, Руслан Дәленов, өз сөзiнде, бала туу көрсеткiшi ең жоғары - Маңғыстау облысы, ал ең төмен - Солтүстiк Қазақстан облысы екендiнiн атап өттi.

0 пікір
Мұрағат