Елімізде қанша адам роботтардың кесірінен жұмысынан қуылады
Елімізде қанша адам роботтардың кесірінен жұмысынан қуылады
6 жыл бұрын 4047 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Елімізде роботтар өндіріс пен қызмет көрсету салаларына кеңінен енгізіле бастайды. Осыған байланысты еліміздегі жұмыс орнының 46 пайызы қай салада болғанына қарамастан қысқартуға ұшырайды. Бұл жайында әлемге әйгілі Оксфорд мектебінде жасалған баяндамада айтылған. Әсіресе, еліміздегі мұнай-газ бен тау-кен салаларында жасанды интеллекті жаппай енгізілетін болады. Сондай-ақ, машина жасау, логистика және қойма салаларында да роботтардың қарасы көп болмақ. Бөлшек сауда саласы да автоматтандырудан шет қалмайды. Бұл үрдіс өз кезегінде жұмыссыздықтың белең алуына апарып соқтырады және еліміздің экономикасында уақытша қиындық тудырады.

0 пікір
Мұрағат