Елімізде педиатр мамандығы қалпына келтіріледі
Елімізде педиатр мамандығы қалпына келтіріледі
7 жыл бұрын 4449 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Алматы қаласындағы Санжар Асфандияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университеті қабырғасында "педиатрия" мамандығы бойынша білім беру мақсатында 150 мемлекеттік грант бөлінді. Бұл жайында аталмыш жоғарғы оқу орнының баспасөз қызметі мәлім етті. Айта кетейік, бүлдіршіндердің денсаулығына тікелей жауапты мұндай мамандық еліміздің аумағында тек аталған жоғарғы оқу ордасында да дайындалады. Аталған мамандықты оқыту 2017-2018 оқу жылында қалпына келтірілетін болды. Дәрігерлер 5 жыл бакалавриат форматында, 2 жыл интернатура форматында оқытылады. Аталған университет бұл мамандықты оқыту лицензиясына 2017 жылдың шілде айының 20-ы күні ие болды. 

0 пікір
Мұрағат