Елімізде кешкі сағат 8-ден кейін шулауға тыйым салынуы мүмкін
Елімізде кешкі сағат 8-ден кейін шулауға тыйым салынуы мүмкін
1 ай бұрын 441 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қазақстанда тыныштықты бұзуға тыйым салынған уақытты ұзарту жоспарланып отыр. Бүгінде 23.00-ден таңғы алтыға дейін тыныштықты бұзғандар жазаланады. Ендігі жерде ҚР денсаулық сақтау министрлігі бұл мерзімді кешкі сағат сегізден таңғы тоғызға дейін ұзартуды ұсынып отыр. Яғни, ҚР денсаулық сақтау министрлігі әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 437-шы бабын өзгертуді көздеп отыр. Егер аталмыш бастама қолдау тапса, тұрғын үйлер ауданындағы көңіл көтеру орындары, құрылыс нысандары жұмыс күндері түнгі сағат оннан таңғы алтыға дейін, демалыс және мереке күндерінде түнгі сағат он бірден таңғы 10-ға дейін тыныштықты сақтауы тиіс. Бұл жайында ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәжілісте халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексті таныстыру барысында мәлім етті. Естеріңізге сала кетсек, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 437-ші бабына сәйкес аталған мерзімде елдің мазасын алып, тыныштық бермеген жеке тұлғаларға 12 625 теңге, ал шағын бизнес субьектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға 25 250 теңге, сондай-ақ, орта бизнес субьектілеріне 37 875 теңге айыппұл салынады. Ірі кәсіпкерлерге 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни, 126,2 мың теңге айыппұл салынады. Қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері екі есе артады.

0 пікір
Мұрағат