Елімізде жазғы демалыс ақысы арзандай түспек (видео)
Елімізде жазғы демалыс ақысы арзандай түспек (видео)
8 жыл бұрын 2583 khabar.kz

Талдықорғаннан тікелей Үшаралға қатынайтын әуе рейсі ашылады. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігінің өкілі айтты. Ал Үшаралдың әскери аэродромы азаматтық авиация үшін де пайдаланылмақ. Сондай-ақ, биыл 2-шілдеден «Астана-Үрімші» жолаушы пойызына «Астана-Достық» аралығында қатынайтын жаңа вагон тіркеледі.  Осылайша Алакөлге демалушылардың қатынауын жеңілдету көзделген. Министрлік «Өнімділік-2020» бағдарламасы аясында туризммен қатар өзге де салаларды дамытуға ден қоюда.  Мәселен, 2011-2015 жылдары 77 жобаға қайтарымсыз қолдау көрсетілсе, биыл 20 кәсіпорынның жұмысын жандандыруға қаржы бөлінген. Талғат Жұмабеков, ҚР ИДМ қолдау құралдары орталығының бас сарапшысы: - Бағдарламаға қатысу үшін өтінім беруші кемінде бір жыл жұмыс істеу керек. Екіншіден, өндіру саласында жұмыс істеуі керек. Және бұл қаржы қайтарымсыз қаржы. Кәсіпорынның қаржысы. Мемлекеттің қолдауы 40-50 пайыз көлемінде іске асырылады. Бұл қаржы кәсіпорынның өнімділігін көтеру үшін берілетін қаржы. Жалпы биыл индустрияландыру картасы аясында 175,5 млрд теңгенің 30 кәсіпорны пайдалануға беріліп, тау-кен металлургия, жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, химия өнеркәсібі, машина жасау, ауыл шаруашылығы салаларын дамытуға бағытталған жобалар аясында 4 мыңдай жұмыс орны ашылды. Отандық туризм демекші, ел ішінде тынығып, жазғы демалысты мәнді әрі мағыналы өткізу қанша тұрады? Осы тұста отандық туристік фирмалардың мағлұматы бойынша бір жағалауы Шығыс Қазақстан екінші жағалауы Алматы облысына шығатын Алакөлде екі ересек адам бір апта демалу үшін орташа есеппен 62 мыңнан 110 мың теңге ақша жаратады.  Ал Қапшағайда тынығам десеңіз, отбасылық бюджетіңізді үнемдейтініңіз анық. Өйткені, мұнда бір апта демалу жолдамасының құны орташа есеппен 72 мың мен 75 мың теңге.  Сондай-ақ, Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының аумағында жатқан Балқаш көлінің жағажайында күнге қыздырынып, суға түсем десеңіз шамамен 72 мың мен 92 мың теңге қаражат керек.  Ал Көкшетау қыратындағы Бурабай көліне барғыңыз келсе, қалтаңызда 95 мың мен 127 мың теңге көлемінде ақша болуы қажет.

 

0 пікір
Мұрағат