ЭКСПО көрмесінде адамдар ең көп баратын павильондар белгілі болды
ЭКСПО көрмесінде адамдар ең көп баратын павильондар белгілі болды
7 жыл бұрын 3453 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

«ЭКСПО-2017» акционерлік қоғамының халықаралық қатысушылармен жұмыс істейтін департамент директоры Илья Оразаков халықаралық көрмеде адамдар ең көп баратын павильондарды атады. "Павильондардың танымалдылығына келсек, біз бұл рейтингті жиі жариялаймыз, негізінде көп өзгере бермейді. Бұрынғысынша Өзбекстан, Үндістан, Оңтүстік Корея павильондары адамдар арасында ең танымал, бір қуаныштысы, бұл рейтингте Африка павильоны да меймандардан кенде емес. Біздің меймандар арикалық аймақтың экзотикалық елдеріне көп назар аударады",- деді ол. Осылай дей келе ол көрме ашылғалы бері әкетіп бара жатқан төтенше жағдайдың болмағанын жеткізді. 

0 пікір
Мұрағат