Депутаттар: Мұғалімдердің жалақысын мың долларға дейін көтеру керек
Депутаттар: Мұғалімдердің жалақысын мың долларға дейін көтеру керек
8 жыл бұрын 2439 Baq.kz

ҚР парламент мәжілісінде депутат Ирина Смирнова білім беру саласын қаржыландыру мәселесін көтеріп, қазақстандық мұғалімдердің жалақысы тым аз екенін жеткізді. Халық қалаулысы соның бәрін депутаттық сауалда көрсетіп, оны үкімет басшысының атына жолдады. 

Депутаттың айтуынша, бүгінде Дания, Исландия және тағы басқа Еуропа мемлекеттерінде білім беру саласын қаржыландыру көлемі ішкі жалпы өнімге шаққанда 6-9 пайызды құрап отыр. Соның нәтижесінде Германия сияқты елде мұғалімдердің жалақысы 4 мың еуроға дейін жетеді. Көрші Қытайда мектеп мұғалімдері, кем дегенде, 1 мың АҚШ долларын алады, деп xабарлайды  тілшісі..

“Бізде болса, мұғалімдердің еңбекақысы 40-50 мың теңгені құрайды. Класс жетекшілігі үшін 5-ақ мың қосады. Ондай жүйемен білім беру саласын дамыту қиын. Қазақстанда білім беру саласын қаржыландыру көлемін ішкі жалпы өнімге шаққанда 6-9 пайызға дейін жеткізуі тиіс”, – дейді депутат Смирнова.

0 пікір
Мұрағат