Біріккен Араб Әмірліктерінен елімізге жыл сайын 100 мың турист келедi
Біріккен Араб Әмірліктерінен елімізге жыл сайын 100 мың турист келедi
8 жыл бұрын 2840 Қ.ЕЛТАЙҚЫЗЫ

Қазақстанға Біріккен Араб Әмірліктерінен жыл сайын 100 мың турист келедi. Ал жарты миллион отандасымыз сол елде демалады екен. Бұл туралы Қазақстанның Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiндегi елшiсi Қайрат Лама Шариф ҚР Сыртқы iстер министрлiгiнде өткен брифинг барысында мәлiмдедi, деп хабарлайды BNew.kz тiлшiсi. 

«Бiздiң мәлiметке сүйенсек, жыл сайын жарты миллион қазақстандық Араб Әмірліктерінде демалады. Кейбiреулерi iссапармен барады. Сондықтан, қазiргi таңда біздің алдымызда араб туристерiн Қазақстанның курорттық аймақтарына тарту міндеті тұр. Әмiрлiктер шетелде демалғанды ұнатады. Таяу Шығыстағы жағдайдан кейiн Шарм-аль-Шейх, Ливан, Сирия сияқты үйреншiктi демалыс орындарының орнына туристер отбасылық демалысын өткiзу үшiн басқа өңiрлердi iздестіруге мәжбүр. Осы жағынан Қазақстан өте ыңғайлы», - дедi елшi.

Оның айтуынша, Қазақстан бiр жарым жыл бұрын Әмiрлiк азаматтарын визалық режимнен босатты. Яғни, олар визасыз Қазақстанда 15 күн бола алады. Қазiргi таңда Араб Әмірліктерінің үш әуе компаниясы мен «Эйр Астана» компаниясы апта сайын 30 рейс жасайды.

0 пікір
Мұрағат