Әуе көлігімен жолаушыларды тасымалдау ережелеріне өзгеріс енді
Әуе көлігімен жолаушыларды тасымалдау ережелеріне өзгеріс енді
6 жыл бұрын 3903 7kun.kz Enica-Express

2018 жылдың 3 мамырынан бастап әуе көлігімен жолаушыларды, багажды және жүкті тасымалдау ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар күшіне енеді деп хабарлайды Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі. 

Мүмкіндігі шектеулі жолаушылардан жиі шағым түсуін ескере отырып, мұндай жолаушылардың (мүгедектер мен жүкті әйелдер) ұшу кезінде жарақатқа немесе өлімге әкеліп соғуы мүмкін жағдайлар бойынша жауапкершілікті өз мойнына алу туралы құжаттарға қол қою туралы әуе компаниялардың талабы алынып тасталды. Бұл тәртіп барлық жолаушыларға қолданылатын болады.

Сондай-ақ, түзетулер күшіне енгеннен кейін, мүгедектер арбасындағы жолаушылар  өз бетімен саяхаттай алады. Тек зембілмен тасымалданатын жолаушылардың қасында міндетті түрде серіктесі болуы керек.

Сонымен қатар, қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында балалары бар жолаушылар мен серіктесі жоқ кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшаққа отырғызу бірінші кезекте жүргізіледі.

Балалардың құқығын қорғау мақсатында Ережеге Қазақстан Республикасының азаматтары – кәмелетке толмаған балаларды тасымалдау кезінде баланың туу туралы куәлігі немесе туыстығын растайтын құжаттарды көрсету қажеттілігі бойынша талап енгізілген.

Мұнымен қоса, Ереженің жаңа мәтініне сәйкес жолаушы ұшаққа тіркеу рәсімдерін аяқтау үшін әуе кемесінің ұшуынан 40 минут ерте әуежайға келуі керек.

0 пікір
Мұрағат