Әскерге барудан жалтарғандардың аты-жөні БАҚ-та жарияланады (видео)
Әскерге барудан жалтарғандардың аты-жөні БАҚ-та жарияланады (видео)
8 жыл бұрын 3003 24.kz

Қызылорда облысында әскерден жалтарған азаматтардың тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Мәселен, алдыңғы жылдары аймақ бойынша мыңнан астам бозбала отан алдындағы борышын өтеуден қашып жүрген. Барлығының баспасөз беттерінде аты аталып, түсі түстелген соң, басым бөлігі қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерге өз еріктерімен оралған. Нәтижесінде биылғы көктемгі шақырту кезінде әскери міндетін атқарудан бас тартқандар саны едәуір қысқарды. Жалпы, Қызылорда облысынан көктемгі әскерге шақыру маусымында 743 азамат әскер қатарына жөнелтілуі тиіс болса, қазір соның 304-і әскери борышын өтеуде. Қалғаны биыл 25 маусымға дейін әскери сапқа тұрғызылады.  Әлімжан Ерниязов, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы: - Бұл жұмыс өз нәтижесін беруде. БАҚ бетіне әскерден жалтарғандардың тізім жарияланады.

 

0 пікір
Мұрағат