Ақтауда 80 жасқа келген қария ғылыми диссертация қорғады (видео)
Ақтауда 80 жасқа келген қария ғылыми диссертация қорғады (видео)
8 жыл бұрын 2494 khabar.kz

Ақтауда сексеннің сеңгіріне келген шағында ғылыми диссертация қорғаған қария тұрады. Ғұмырын мұнай саласына арнаған зейнеткер жүзге жуық ғылыми мақаланың авторы. Былтыр Мәскеуде өзі жазған еңбегін сәтті қорғап, экономика ғылымдарының докторы атанды.  Ақсақалдың он жыл дайындаған жұмысы ресейлік ғалымдардың таңдайын қақтырған.  Данагөй қарт бірнеше жыл бұрын Ақкетік қаласынан Ақтауға көшкелі жастар тәрбиесіне ден қойыпты.  Жергілікті колледж, институттарда дәріс оқып, профессор атағын да иеленген.  Қарияның еңбектері бүгінде мұнайшы мамандығына баулитын оқу орындарында кең қолданыста.  Үш баладан сегіз немере мен екі шөбере сүйіп отырған Көркембай Назарұлының ендігі мақсаты – өзі жазған оқу құралдарын қазақ тіліне аудару.  Көркембай Алданиязов, экономика ғылымдарының докторы: - Менің диссертациям өндірістегі шығындарды азайту жөнінде. Бес экземпляр, әрқайсысы 350 беттен. Оқыды, қарады, қабылдап алды, «жарайды екен қорғауға» деп. Енді ғылыми еңбек жазам. Ғылым жаңарып жатыр, бұрынғы жазғандарым ескіріп жатыр.

 

0 пікір
Мұрағат