“Ана үйі” жобасы үш жылда 1012 сәбиді жетімдіктен құтқарды
“Ана үйі” жобасы үш жылда 1012 сәбиді жетімдіктен құтқарды
5 жыл бұрын 2320 7kun.kz Маржан Нүсіпбек

Үш жылда «Ана үйі» жобасы 1 012 сәбиді жетімдіктен құтқарды.  Бұл туралы BI Group басшысы, «Ана үйі» қоғамдық қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

Оның мәліметінше, аналар үйіне келгендер сәбилерінен перзенханада “ерікті” түрде бас тартқан. Алайда жоба үйлестірушілері перзентханада аналармен кездесіп, оларды “Ана үйінде” бір апта, екі, үш, төрт ай тұруға көндіреді. Сосын 3-4 аптада көптеген мәселелер шешіледі. Әрбір үйді қаржыландырып отырған бизнес-кураторлар бар. Қазақстан бойынша 25-ке жуық орталық бар әрі аталған жоба жалғасатын болады.

Сәбилерінен “еркіті” түрде бас тартқандардың 65%-ы  аналар үйіне келген соң үйренісіп, балаларын тастамауға шешім қабылдайды. Мысалы бұрын балалар үйіне жыл сайын 1500-1600 сәби келсе, қазір олардың саны 500 балаға азайды. Осылайша, “Ана үйі” қорының әлеуметтік жетімдік санын азайтуға бағытталған бағдарламасының алғашқы бөлімі табысты түрде жүзеге асырылып жатыр.

Сондай-ақ, Рахымбаев екінші бағдарламаның басталып жатқанын хабарлады. Бағдарлама мақсаты – балалар үйіндегі 8 мыңға жуық баланы отбасында тәрбиелеуді қолға алу. Алайда осы бағыт бойынша мәселенің көпшілігі ауру балаларға, құжаттардың дұрыс болмауына және 4 жастан кіші балабалаларды асырап алғысы келетіндерге байланысты туындайды екен.

Қазіргі уақытта Қазақстанның ірі қалаларында асырап алуға көмек көрсету орталықтары ашылған. Маусым айында тағы жаңа орталықтар ашылады. Орталық мамандары жетім балалар мен асырап алушылар арасында байланыс орнату үшін жұмыс істейді. Егер бір қаладағы асырап алушылар өздері қалаған балақайларды таба алмаса, басқа аймақтардағы балалар үйімен интернет арқылы байланысқа шығып алдын ала баланы көре алады. Ата-ана баланы асырап алуға келісім берсе, олар ата-аналарды қабылдау курсынан өтеді.

Орталықтар баланы асырап алуға қатысты құжаттарды реттеуге көмектеседі

0 пікір
Мұрағат