Әлеуметтік төлем алушы міндетті сақтандыру қорына жарна төлеуден босатылады
Әлеуметтік төлем алушы міндетті сақтандыру қорына жарна төлеуден босатылады
7 жыл бұрын 2446 7kun.kz Мөлдір Иманмәди

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанның әр азаматын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру күшіне енеді. Қорға жарна төлеуден жұмыссыздар, әлеуметтік төлем алушылар және басқа да азаматтар босатылады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматты анықтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін қалалық штаб пен мобилді топ құрылды.

Адамның жұмыссыз екендігін анықтайтын штабхалықты жұмыспен қамту орталығының ғимаратында орналасқан. Денсаулық сақтау басқармасы тізім бойынша, олардың мекен-жайларын аралап тексереді.

Білім басқармасы мектепке дейінгі мекеменің балалары, оқушылардың, студенттердің ата-анасларының әлеуметтік жағдайын анықтайды.

0 пікір
Мұрағат