Әбу-Даби тақ мұрагері Назарбаевқа: біздің сіздерден үйренеріміз көп
Әбу-Даби тақ мұрагері Назарбаевқа: біздің сіздерден үйренеріміз көп
7 жыл бұрын 2295 stan.kz

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктері қарулы күштері бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті.

Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Кездесу кезінде мемлекет басшысы Қазақстан мен БАӘ қарым-қатынасын сөз етіп, қос тараптың алдағы даму барысына тоқталды.

“Халықаралық аренада да, экономикалық салада да сіздер бізді әркез қолдап келесіздер. Осы жылдар ішінде біз сіздермен жақсы қарым-қатынас орнаттық. Қазақстанға ерекше назар аударғандарыңыз үшін алғыс айтамыз”, – деді Назарбаев.

Президент қазіргі таңда экономиканың әр секторында біріккен жобалар жоспарланғанын, оның ішінде мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы және атом өндірісі бар екенін айтты.

Мемлекет басшысы БАӘ-нің мұсылман әлемі арасында заманауи технологияларды дамыту бойынша да көшбасшылыққа ие екендігін атады.

Өз кезегінде тақ мұрагері де екі тарап ынтымақтастығының жылдам дамып, бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаевтың да белсенді еңбегі бар екенін айтты.

“Біз сіздерден көп нәрсе үйренеміз. Сіз заман талабына сай реформалар жасап жатырсыз. Қазақстан сіздің көреген саясатыңыздың арқасында тұрақты даму жолында келе жатыр”, – деді Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян.

0 пікір
Мұрағат