2050 жылға қарай Қазақстандағы электр энергиясының 50 пайызы жаңғыртылған көздерден өндіріледі
2050 жылға қарай Қазақстандағы электр энергиясының 50 пайызы жаңғыртылған көздерден өндіріледі
7 жыл бұрын 2153 7kun.kz

Қазақстанда жасыл энергетика мен энергия үнемдеу саласын дамыту нақты перспективаларға ие. Мемлекеттің даму стратегиясына сәйкес 2050 жылға қарай Қазақстандағы барлық электр энергиясының 50 пайызын жаңғыртылатын көздерден өндіру жоспарланған деп хабарлайды primeministr.kz сайты.

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Led System компаниясы толық циклді жарықдиодты өндіріс жобасы және бейнебақылау мен жарылу қаупі бар заттарды табудың кіріктірілген жүйелері бар көшені және саябақты жарықтандырудың дербес жарықдиодты көздерін әзірлеу және жасау бойынша жобаны таныстырды.

Led System компаниясының директоры Амангелді Таукеновтың айтуынша, қазір жарықдиодты шамдарды шығаруға қаржы белсенді түрде бөлініп жатыр екен.

«Ғылым қоры» аясында өндіріс, оның ішінде жылыжайларға арналған нано-фосфор құюмен екінші буынның жарықдиодты шамдарын жасап шығаруға грант алынды, соның арқасында зауыт агрофотониканың танымал бағыты — жылыжайларда көкөніс өсіруге арналған жарықтандырумен белсенді айналыса бастады. Бұл бағыттағы жоба іске асырыла бастады және қазір қаржыландырудың белсенді кезеңінде», — деп атап өтті Таукенов.

Led System компаниясы «Астана Жаңа қала АЭА»-да жарықдиод өндірісін іске қосты. Онда толық циклді технологиялық тізбек құрылды және аусымына шамамен 6 мың дана филаментті шамдар шығаратын желі іске қосылды.

0 пікір
Мұрағат