12 жылда кәмелеттiк жасқа толмағандар арасындағы заңбұзушылық 50%-ға азайды
12 жылда кәмелеттiк жасқа толмағандар арасындағы заңбұзушылық 50%-ға азайды
8 жыл бұрын 2253 А.ӘБІЛЕВА

Егер 2004 жылы кәмелеттiк жасқа толмағандар 6,5 мың қылмыс жасаса, өткен жылдың қорытындысы бойынша қылмыс саны 3 мыңға дейiн азайған. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде балаларды қорғау күнiне арналған баспасөз мәслихатында ҚР IIМ Әкiмшiлiк полиция комитетiнiң бөлiм басшысы Әсет Оспанов айтты, деп хабарлайды "BNews.kz" тiлшiсi. «Жасөспiрiмдер қылмысының жағдайына жедел алдын алу шаралары мен акциялары оң ықпал етуде. Өз кезегiнде, жазғы уақытта бiз «Жұмыспен қамту» және «Түнгi қаладағы балалар» акцияларын өткiзудi жоспарлап отырмыз. Бұл шаралар кәмелеттiк жасқа толмағандарды жұмыспен қамтуға бағытталады. Әсiресе, iшкi iстер органдарында есепте тұрғандарға үлкен көңiл бөлiнедi», - деп хабарлады Ә.Оспанов. Қазiргi уақытта кәмелеттiк жасқа толмаған балалар ел халқының үштен бiр бөлiгiн құрайды. Оның айтуынша, жыл сайын бала санының артуына қарамастан жасөспiрiмдер арасындағы қылмыс орташа алғанда жыл сайын 6 пайызға азайып келедi. «Егер 2004 жылы кәмелеттiк жасқа толмағандар 6,5 мың қылмыс жасаса, өткен жылдың қорытындысы бойынша қылмыс саны 3 мыңға дейiн төмендедi. Яғни, бұл 50 пайыздан жоғары», - дедi полиция өкiлi.

0 пікір
Мұрағат