Токиода кітап оқуды ұнататындарға арналған қонақ үй ашылды (ВИДЕО)
Токиода кітап оқуды ұнататындарға арналған қонақ үй ашылды (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 2775 24.kz kinderlibrary.wordpress.com Ж.Атагельдиева, Ж.Джазина

«Жатын орын және кітап». Токиода осындай атпен ерекше қонақ үй жұмыс істеп тұр. Онда барғандар тек демалып қана қоймай, 2 мыңнан астам әдебиет оқуға мүмкіндік алады. Өйткені, мейманхананың үлкен бөлігін кітапхана алып жатыр. Жуырда ғана ашылған «Жатын орын және кітап» қонақ үйі 30 адамға арналған. Келушілердің дені туристер. Соңғы уақытта мейманхананың үлкен танымалдыққа болғаны соншалық, оған енді Токио жұртшылығы да жиі келе бастаған. Кей Асаи, қонақ үй иесі: - Біз өзге қонақ үйлерден ерекшеленгіміз келген жоқ. Бар болғаны меймандарымызға уақытын пайдалы өткізуге мүмкіндік бергіміз келді. Бұл кітапханада ұзақ отыра алмайтын жандар үшін аса ыңғайлы. Өйткені келушілер қалауынша жайғасып, өзге қонақтармен ойымен бөлісіп, тамақтана алады. Кітап оқудан шаршаса, тынығып алуға да жағдай жасалған. Мұнда 2 мыңға жуық кітап бар. 20%-ы ағылшын тіліндегі әдебиет. Болашақта оларды өзге тілдерге де аудару жоспарда бар. Йайои Нанго, мейман: - Мен бұл қонақ үй туралы әлеуметтік желі арқылы білдім. Ол жайлы көп жағымды пікір жазылған. Бастапқыда мұндағы орындар тар, бұл ыңғайсыз бола ма деген ойлар мазалады. Алайда керісінше қатты ұнады. Осыншама көп кітап болатынын күтен жоқпын. Юки Идео, мейман: - Мен бұл жер туралы достарымнан білдім. Өте тамаша орын. Қонақ үйде бөлмеде жалғыз қалған ұнамайды. Мында өзімді үлкен бір отбасының мүшесіндей сезінемін. Күншығыс елінің билігі болашақта бірқатар ауқымды шараны қабылдауға ниетті. Мұнда 2019 жылы регбиден әлем кубогы, ал 2020 жылы жазғы Олимпиада ойындар өтуі тиіс. Осы ретте мейманхана иелері келесі жылдың аяғына дейін Күншығыс елінде осындай тағы 2 орын ашуды жоспарлап отыр.

 

0 пікір
Мұрағат