Тек экватор белдеуіне қарай қисайып өсетін ағаш табылды
Тек экватор белдеуіне қарай қисайып өсетін ағаш табылды
7 жыл бұрын 4553 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қай құрлыққа апарып ексе де ұшар басы экваторға қарай қисайып өсетін ағаштың неге бұлай өсетініне қатысты ғылыми жауабын таппай отыр. 

Мұнаралы араукария немесе Кука шыршасы (Araucaria columnaris) — ерте заманда тек әлемнің бір-ақ жерінде ғана, дәлірегі, Тынық мұхитындағы Жаңа Каледония аралдарында өскен. Адамдар оны трпопикалық, субтропикалық, т.б. климаты түрлі аймақтарға егіп еді, жерсінді. Бірақ, ұшар басы экватор белдеуіне қарай қисайып өседі. Бұл жайында New Scientist ақпарат көзі хабар таратты. Калифорниядағы Сан-Луис-Обиспо политехникалық университетінің ғалымы Мэтт Риттер аталған ағаштың бұл ерекшелігін бірінші болып байқаған. Ол Австралиядағы өзінің әріптесіне хабарласып, ол жақтағы Кука шыршасының ұшар басының солтүстікке қарай қисайып өсіп тұрғанын жекізген. Америкалық ғалым мен оның әріптестері әлемнің әр түкпіріндегі, дәлірегі, әр құрлықтағы 256 араукариді зерттеп көрген екен. Олар анықтағандай, аталған ағаш орташа есеппен  8,55 градус қисайып өскен экватор белдеуіне қарай. Ал Австарлиядағысы 40 градуста қисайып өсетін болған.

Нақты жауап бере алмаса да ғалымдардың жорамалдауынша, басқа ендікте жерсіну, бейімделу кезінде күн сәулесі мол экватор белдеуіне қарай қисайып өсуі мүмкін.

0 пікір
Мұрағат