Тарихи көне мешіт осы заманғы озық технологиясымен өзгелеріне үлгі болды
Тарихи көне мешіт осы заманғы озық технологиясымен өзгелеріне үлгі болды
6 жыл бұрын 4763 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Үндістан аумағындағыекі ғасырлық тарихы бар көне мешіттердің бірі осы заманғы технологияға көшіп, зор жетістікке жетті. Тарқатып айтқанда, биыл экологиялық жағынан тиімді жоба жетілдіріліп, күн энергиясын пайдалана бастады. Жама мешіті осы заманғы технологияның арқасында электр энергиясына деген сұранысын 70%-ын күн көзінен қанағаттандырады. Бұл жайында The Better India ақпарат көзі хабар таратты. Дәлірегі, қуаты 31 килватқа жететін табиғи энергия құрылғысын аталған мешіттің шатырына орнатқан болатын. Осының арқасында жылына қоршаған ортаға 35 тонна көмірқышқыл газын бөлмейтін болды. Мумбай қаласында аталған мешіттен бөлек Минара және Закария ғибадат ғимараттары да күн энергиясына көшіуде. Жама мешіті осы құрылғының арқасында қаржы үнемдеп қана қоймай, артық энергиясын көрші ғимараттарға бағыттап отырады.

0 пікір
Мұрағат