Тарихи ескерткіші ең көп қала аталды
Тарихи ескерткіші ең көп қала аталды
2 жыл бұрын 3508 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

The Travel ресурсы тарихи ескерткіштері бойынша әлемдегі қалалар рейтингісін түзіпті. Бұл жайында islam.kz порталы islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш дерек көзі әлемдегі тарихи ескерткіші көп қаланы анықтады – Құдыс. Аталған көне шаһарда 200-ден аса мәдени әрі тарихи маңызы жоғары ескерткіш бар болып шықты. Құдыс - әлемдік діндердің "торабы", дәлірегі, үш діннің қасиетті кітаптарында (Құранда, Інжілде және Тәуратта) аталған бірден бір шаһар. Аталмыш рейтингте будда және үнді наным-сенімдегілер үшін киелі қала саналатын, бес мың жыл бұрын пайда болған Варанаси шаһары тарихи ескерткіштер қарасы бойынша екінші орыннан көрінген. Одан кейінгі орынға әлемге мәшһүр ғалымдарымен, ойшылдарымен, шығармашылық тұлғаларымен танылған Берлин жайғасқан. Бұл рейтингке мәңгілік қала атанған Рим шаһары Колизейімен, т.б. жәдігерлерімен аты шыққан қала ретінде енген. Сондай-ақ, алғашқы ондыққа Ватикан, Афина, Гавана, каир қаласы, Куско және Бостон қалалары кірген.

Ұқсас материалдар:

«Биік-биік таулардың арасында көкке ұмсынған жалғыз мұнара» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/biik-biik-taulardyn-arasynda-kokke-umsyngan-jalgyz-munara-video-16076/#gsc.tab=0);

«Иран мәдени мұрасы бай он елдің қатарына кірді» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/iran-madeni-murasy-bai-on-eldin-qataryna-kirdi-16240/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат