Сиясыз, қолдан тоқылған Құран (видеосы орысша)
|
Қасиетт Құран мәтінін каллиграфиялық өнер (көркемдеп жазу), ағашқы ойып немесе матаға зерлеп әзірлеу ешкімге таңсық емес, алайда, сиясыз, матасыз, парақсыз қайта көшіруді алғаш рет естіп тұрсыз. Бұл жайында islam.kz порталы alif tv ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұрынғы полиция полковнигі, пәкістандық азамат Хан Шахнамаз Малқы он жылын Құранды тоқумен өткізген екен. Тек жіп пен қарындашты (жазу үшін емес, тоқыма құралы ретінде) пайдаланып, 114 сүре мен 6236 аятты «тоқып» шыққан. Оны тоқуға 8000 қарындаш кеткен. Қария бұл технологияны кезінде жазасын өтеуші тұтқындардан меңгерген екен. Оның бұл еңбегі Карашы қаласындағы көрмеде жұртшылық назарына ұсынылған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Араб шөлі көлге айналды (видео)
■
От шашып, жалын бүркетін робопс пайда болды (видео)
■
Ым-ишара тілін дауысқа айналдыратын (аударатын) смарт көзілдірік жасалды (видео)
■
Сауытты бұзатын ұшқышсыз ұшу аппаратының мүмкіндіктері жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Шоколадтың жаһандық қорына қауіп төнді