Құран кирунди тіліне аударылды
Құран кирунди тіліне аударылды
6 жыл бұрын 2661 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Африка құрлығындағы ислам елі - Бурундидегі мұсылмандар ұйымы қасиетті Құранды осы елдің ресми екі тілінің бірі болып табылатын кирунди тіліне аударып бітті. Аталмыш елдегі ислам қауымдастығының жетекшісі Садық Қажанды бұл істі дінді таратудағы аса маңызды, айтулы оқиғаға жатқызды. Айта кету керек, қасиетті Құран аталған тілге жергілікті мұсылман белсенділерінің көмегімен аударылды. Мұсылмандардың қасиетті кітабын тәржімалауға табаны күректей 8 жыл кеткен. Бұл жайында MuslimNews ақпарат көзі хабар таратты. Тағы бір айта кететіні, кирунди тілі тек Бурундиде ғана емес, сонымен бірге, Танзанияның, Конгоның және Уганданың кей аймақтарында қолданылады. Бурундидің өзінде мұсылмандардың қарасы әзірге халықтың санына шаққанда шамамен 10 пайызды құрайды. Бұл елде ислам 19-шы ғасырда тараған. 

0 пікір
Мұрағат