Қасиетті екі мешіт қызметкерлерінің жұмысын смаилик арқылы бағалайсыз
Қасиетті екі мешіт қызметкерлерінің жұмысын смаилик арқылы бағалайсыз
7 жыл бұрын 3533 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қасиетті Мекке қаласындағы Харам мешіті мен Мәдинадағы Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) мешіті қызметкерлерінің жұмысын смаилик арқылы бағалай аласыз. Ол үшін арнайы терминал қойылған. Қажылар аталған мешіт қызметкерлерінің жұмысына көңілі тола ма, жоқ па, аталған мешіт әкімшілігі смаилик арқылы біліп отыратын болады. Әрі қарпайым әрі демократиялы тәсіл қажылардың жағдайын жақсартуға бағытталған. Бұл жайында marwa.ru ақпарат көзі хабар таратты. Айта кетейік, терминалда түрлі түсті төрт батырма бар: ашық қызылынан ашық жасылына дейінгі батырмалар "нашар", "қанағаттанарлық", "тәуір" және "өте жақсы" екенін білдіреді.  

0 пікір
Мұрағат