Павлодарда "Қара жорға" билейтін робот жасалды
Павлодарда "Қара жорға" билейтін робот жасалды
9 жыл бұрын 4138

Павлодарда қара жорға билейтін роботты колледж студенттері құрастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ғаламторда роботтың қара жорға билегені түсірілген видео көп қаралып жатыр. 

Павлодардағы бизнес-колледждің студенттері роботқа қара жорға билетіп, оның видеосын Интернетке жүктеді. Студенттер мұның дайындық екенін айтты.

"Бұл тек әзірлік. Біз жұмысымызды колледждің директоры көрсеуіміз керек болған.Бірақ ол қалада болмады. Сондықтан да біз жұмысымыздың алғашқы нұсқасын Интернетке жүктеуді жөн көрдік", - деді билейтін машинаның авторы, төртінші курс студенті Егор Коптиков.

Оның айтуынша, роботты құрастыру үшін екі апта уақыт кеткен, ал оны билету үшін бір ай жұмсалды. Ол үшін студент Филипп Ворончихин пен Ирина Деягер көмектесті.

"Машина музының ырғағымен біркелкі қимыл жасау үшін баптауларды дайындау кезінде қиындықтар туды. Бағдарламалау да оңайға түспеді. Бәрінен бұрын мұның бәрін кішкентай корпусқа келтіру қиынға түсті. Роботты қосқан кезде ол музыка ырғағымен билейді", - деді Филипп Ворончихин.

Студенттің айтуынша, қазір павлодарлық робот заманауи билерді үйреніп жатыр. Айта кетейік, былтыр павлодарлық студенттер EXPO-2017 көрмесіне арналған аймақаралық конкурста жүлдеген атанған болатын.

"Біз EXPO көрмесіне қатысуға дайындалып жатырмыз. Нақты қандай жұмысымызды апаратынымызды шешкен жоқпыз. Біздің билейтін роботымыздың мүмкіндігі бар", - деді студенттер.

0 пікір
Мұрағат