Пайғамбар ﷺ мешітінің ішінде итикаф етуге тыйым салынады
Пайғамбар ﷺ мешітінің ішінде итикаф етуге тыйым салынады
6 жыл бұрын 3331 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

islam.ru ақпарат көзінің таратқан хабарына қарағанда, қасиетті Мәдина шаһарындағы Пайғамбар ﷺ мешітінің ішінде Рамазан айында итикафқа тыйым салынды. Құлшылықтың бұл түрін қажылар мешіттің шатырында орындай алатын болады. Мешіттің бірінші қабатында тек намаз оқуға ғана рұқсат етілмек. Ан-Науаи мешітінің шатырында бір мезгілде 10 мыңдай қажы итикаф ете алады. Мәдина әміршісі, қасиетті қаладағы қажылық жөніндегі комитет жетекшісі ханзада Фейсал Бин Салман Пайғамбар мешітінің шатырын осы мақсатта дайындап жатқандарын жеткізді. 

0 пікір
Мұрағат