ӨЗБЕКСТАНДА МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ДАУЫС БЕРУ БАСТАЛДЫ
ӨЗБЕКСТАНДА МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ДАУЫС БЕРУ БАСТАЛДЫ
7 жыл бұрын 2972 kazgazeta.kz/

Өзбекстанда президенттік сайлауда мерзімінен бұрын дауыс беру басталды.

Негізгі сайлау алдағы желтоқсан айының 4-іне белгіленген. Бірақ жергілікті заңға сәйкес сайлауға 10 күн қалғанда адамдар мерзімінен бұрын дауыс бере алады. Ал додаға 4 үміткер түсіп отыр. Оның ішінде президенттің міндетін атқарушы, премьер-министр Шавкат Мирзиёев бар. Одан кейін «Ұлттық жаңғыру» партиясының атынан Сарвар Отамуродов, Социал-демократиялық «Әділет» партиясынан Наримон Умаров және Халықтық-демократиялық партиядан Хотамжон Кетмонов түседі. Елде 9 мыңнан астам сайлау бөлімшесі ашылған.

24.kz

0 пікір
Мұрағат