Өз тасымен қайта қаланған мешіт (фото)
Өз тасымен қайта қаланған мешіт (фото)
8 жыл бұрын 3141

Босния және Герцеговина аумағындағы Баня-Луке қаласында 16-шы ғасырда тұрғызылған көне мешітке күрделі жөндеу жүргізілді. Мұсылмандардың осынау тарихи құлшылық үйін қайта қалпына келтіру үшін ежелгі ғимараттан әр жерде шашылып қалған тастарды пайдаланды. Дәлірегі, шамамен 3500 тасы табылған. «Көне мешіттің қалдықтарын барлық жерден іздедік. Негізінен, қоқыс қоймасына айналған жерлер мен полигондордан іздестірдік. Олардың кейбіреуі тас қалаушылардың шеберханасынан, өзен арналарынан табылды».- деді осы жұмыстың басы-қасында жүрген Сараеводағы университеттің сәулет факультетінің деканы Мұхаммед Хамидови. Мешіт садақадан жиналған қаражатқа қалпына келтірілгенін жеткізді. Бұл жайында «islam.ru» порталы  «The Guardian» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Айта кетейік, бұл мешітті 1990 жылдары орын алған азаматтық соғыс кезінде серб әскері қиратып кеткен болатын. «Ферхадия» мешітінің ашылу салтанатына әлемнің әр түкпірінен 10 мыңнан аса адам қатысты.

Отреставрированная мечеть.

 Повышенные меры безопасности на церемонии открытия.

Верующие на церемонии открытия.

0 пікір
Мұрағат